19:42, 07 Мамыр 2012 | GMT +5
Ақтөбе облысындағы «Айс» ЖШС мал азықтарын өсіру үшін суармалы учаскелерді құрады
АҚТӨБЕ. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында 2010 жылы 1100 голландиялық сиырға арналған ірі тауарлы-сүт фермасын ашқан «Айс» ЖШС шырынды мал азықтарын өсіру үшін суармалы учаскелерді құрады.

Бұл туралы аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысында белгілі болды.
Кәсіпорынды жыл бойы өңдеуге арналған сапалы сүтпен қамтамасыз ету үшін компанияның құрылтайшылары шырынды мал азықтарын өсіруге арналған суармалы учаскелерді құру шешімін қабылдады. Жобаның жалпы құны 269,7 млн. теңгені құрайды. Аумағы 614 гектарды құрайтын жер учаскелері Мартөк ауылының Саржансай кентінде орналасқан.
«Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша мемлекеттік қаражат есебінен кәсіпорын жалпы құны 86,4 млн. теңгеге су және электрмен қамтамасыз ету түріндегі инженерлік инфрақұрылымды салады.