Ақтөбе облысындағы қатаң режимдегі колонияда мектеп жиһазы құрастырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - КА-168/5 мекемесінде (қатаң режим, Ақтөбе облысының Жем қаласы) мектеп жиһазын шығаратын цех ашылды, деп хабарлады Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің департаментінен.
None
None

«Сотталғандар үшін жаңа жұмыс орындарын және бас бостандығынан айыру орындарында жаңа өндірісті ашу біз үшін атаулы оқиға болып саналады. ҚАЖ мекемелеріне шағын және орта бизнесті тартуда көмек көрсетіп отырған атқарушы органдарға ерекше алғысымызды білдіреміз. Жаңа өндірістің ашылуына байланысты салтанатты шараға Мұғалжар ауданының әкімі Серік Шаңғұтов, Ембі қаласының әкімі Әлімжан Қорғанбай, Жем қаласының әкімі Берік Нұртаев, прокуратура өкілдері және кәсіпкерлер қатысты», - деп атап өтті әңгімелесу барысында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Ернат Ақылжанов.

«Бастапқы кезеңде мектеп жиһазын шығару цехында шамамен 20 сотталушы жұмыспен қамтылған. Болашақта қосымша жұмыс орындары ашылуы мүмкін», - деп қосты аймақтың  пенитенциарлық жүйесінің басшысы. 

Соңғы жаңалықтар