Ақтөбе облысындағы мектеп ғимаратында өрт болды

АСТАНА. 3 желтоқсан. Қазақпарат - Ақтөбе облысы, Темір ауданындағы Темір қаласында 2 желтоқсан күні 9 сағат 25 минутта С.Байшев атындағы үш қабатты мектеп ғимаратының екінші қабатындағы компьютерлік сыныбында өрт пайда болды.
None
None

Өрт сағат 10:11-де ауыздықталып, 10:50-де жойылды, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.

Өртті жоюда жеке құрамның 8 адамы мен ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы бойынша ТЖД өрт сөндіру қызметінің екі техникасы жұмылдырылды.

Өрт ауданы 4 шаршы метрді құраған. Зардап шеккен адамдар жоқ.

Соңғы жаңалықтар