Ақтөбе облысындағы мектептерге директор табылмай жатыр

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат -Ақтөбе облысы бойынша 70-ке жуық мектепке бірнеше жылдан бері директор тағайындалмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбе облысының білім басқармасы 2018 жылғы жұмысын қорытындылап, өңірде атқарылып жатқан істерге тоқталды. Қазір өңірде 300-ден астам мектеп болса, 82 мектеп пен балабақша директорсыз отыр.

«Мектеп директорларының кәсіби деңгейін көтеру мақсатында тағайындау тәртібіне өзгерістер енгізді. Мектеп менеджерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру білім саласының трендіне айналып отыр. Яғни, мектепті нағыз менеджер басқаруы керек. Жаңа ережеге сәйкес директор болуға үміті бар адамдар төрт кезеңдік конкурстан өтеді. 2018 жылдың қазан айында басталып, 210 үміткер тестке қатысты. Тек 43,3 пайызы ғана өздерінің білімін дәлелдей алды. Барлығы 377 директор бар. Облыс бойынша 82 білім беру мекемесінде мектеп директоры, балабақша меңгерушісінің орны бос тұр», - деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.
null

Ақтөбе облыстық білім саласын бақылау департаментінің басшысы Бұлбұл Күзембаеваның айтуынша, өңірде 2016 жылдан бері директоры тағайындалмаған мектептер бар. Аудандық білім бөлімінің басшылары «адам жоқ» деп қысқа қайырып отыр.

Мәселен, Әйтеке би ауданында барлығы 30 мектеп болса, оның 10-да директор тағайындалмаған.

«Ойыл ауданы, Қарасу негізгі мектебінде 2016 жылдан, Әйтеке би ауданы, Сұлукөл мектебінде 2017 жылдан, М.Арын атындағы Ақтөбе қалалық мектебінде 2017жылдан бері директор тағайындалмаған. Аудандарда 5-10 мектеп директорсыз жұмыс істеп тұр. Бәрін тексеріп, қарау керек. Таныс-тамырға басымдық беріп отырған секілді. Әйтпесе, бір ауданда мектепке директоры болатын адам табылмауы мүмкін емес»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

null

Соңғы жаңалықтар