Ақтөбе облысының 2012-2014 жылдарға арналған бюджеті қабылданды

Халық қалаулылары облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Қуантқан Әлімовтың баяндамасын талқылады. Оның айтуынша, келесі жылы бюджет кірісі 87 млрд. теңгені құрайды, оның ішінде 20 млрд. теңгесі салық түсімінен, 385 млн. теңге салықтық емес түсімнен және 65 млрд. теңге трансферттерден құралады.
Денсаулық сақтау саласына шығындар - 18 млрд. теңге, білім беруге - 15 млрд. теңге, ТКШ-ға - 10, 4 млрд. теңге, отын-энергетикалық кешен және жер қойнауын пайдалану саласына - 5, 1 млрд. теңге көлемінде қарастырылған. Сондай-ақ көлік және коммуникация саласына - 4,8 млрд. теңге, мәдениет, спорт, туризм саласына - 3 млрд. теңге, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтауға, құқықтық, соттық, қылмыстық-атқару қызметіне шамамен 4 млрд. теңге көзделіп отыр.