21:11, 17 Ақпан 2016 | GMT +5
Ақтөбе облысының 3 учаскесінде жол жабылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе облысының 3 учаскесінде жол жабылды. Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ Комитетінен хабарлады.

Сағат 18.20-дан ауа райының нашарлауына байланысты (қар, бұрқасын, жолдың көрінбеуі) «Хромтау-Никельтау - Бадамша» т/ж (0-45 км), 19-00- "Ақтөбе-Родниковка-Мәртөк" (43-74 км); 19-00-ден «Шұбарқұдық - Ойыл-Қобда-Соль-Илецк» (267-375 км) учаскелерінде барлық автокөліктерге жол жабылды.