Ақтөбе облысының әкімі 10 мүгедектер арбасын табыс етті

АҚТӨБЕ. 9 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов Болашақ шағын ауданында мүмкіндіктері шектеулі жандар үшін салынған үйді аралап көрді.
None
None

Облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, әкім заманауи 10 мүгедектер арбасын соған зәру ақтөбеліктерге табыс етті.

 Бұл арбалар мүгедектердің белсенді әрекет жасауына арналған. Олар қозғалуға ыңғайлы, ескі арбаларға қарағанда салмағы да жеңіл. Арбаларды сатып алу үшін қаражат бюджеттен тыс қордан бөлінді.

Содан кейін әкім мүгедектерге арналған үйді аралады. Ғимараттың 1 қабаты төсекке таңылған азаматтарды қорғау қоғамының күшімен мүгедектердің қажеттілігі үшін жабдықталды. Бұл жерде акт залы мен киім тігу бөлмесі, шахмат секциялары және т.б. бар. 

Архимед Мұхамбетов атқарушы билік мүмкіндігі шектеулі жандарды және олардың арасындағы кәсіпкерлік бастамаларды қолдайтынын атап өтті. Атап айтқанда, өңірде мүмкіндігі шектеулі 17 адам кәсіпкерлікпен айналысуда.

Соңғы жаңалықтар