Ақтөбе облысының әкімі ақтөбеліктерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

АСТАНА. 1 қаңтар. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов ақтөбеліктерді Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.
None
None

Құрметті ақтөбеліктер!

Сіздерді шын жүректен Жаңа 2014 жылмен құттықтаймын!

Дәстүр бойынша, осы кезде біз Тарих беттерінде қалатын өткен жылды қорытындылап, алдағы кезеңге перспективалық жоспарлар белгілейміз.

Әлбетте, 2013 жыл біздің еліміз үшін «Қазақстан - 2050» Стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» тарихи бағдарламалық құжатының жүзеге асырыла бастауының өзіндік бастау орнына айналды. Стратегияда мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бірқатар ауқымды міндеттерді қойып, «біздің басты мақсатымыз - 2050 жылға қарай күшті мемлекет, дамыған экономика мен жалпы еңбек мүмкіндіктерінің негізінде беркелі қоғам құру» екенін атап өтті.

Өткен жыл біздің облыс үшін жағымды болды, себебі біз экономиканың барлық салаларында және әлеуметтік салада блгілі жетістіктерге қол жеткіздік. Бірқатар өнеркәсіп орындары, соның ішінде республикалық маңыздағы өндіріс орындары қатарға қосылды.

Сіздердің әрқайсыларыңызға мықты денсаулық, жақсы көңіл күй, бақыт және амандық тілеймін. Жаңа жылдарыңызбен, құрметті менің жерлестерім!

Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов

Соңғы жаңалықтар