Ақтөбе облысының әкімі халықты қысқы жем-азық дайындауда белсенділік танытуға шақырды

Осындай үндеу бүгін облыс әкімдігінің баспасөз қызметі арқылы БАҚ -тарда таратылды.
Үндеуде мемлекеттің ауылдарға уақытылы беріп отырған көмегіне қарамастан, соңғы үш жылдағы құрғақшылық ақтөбелік ауыл шаруашылықтарының көпшілігінің қалыптасу жағдайын қатты төмендетіп кеткендігі айтылған.
Осы жылы да жағдай жақсармады. Күз және қыс мезгілдерінде топырақ құрамына жиналған ылғалдың төмендігі, көктемгі және жазғы жауын-шашынның жоқтығы, сондай-ақ 2010 жылдың сәуір айынан бері топырақтағы +50-ден +60 гардусқа дейін жеткен жоғары температуралық жағдай табиғи жайылымдар мен шабындықтардың өртенуіне, астық пен дәнді дақылдар егістіктерінің жойылуына әкеп соқты. Бұл облыстағы мал шаруашылық саласын қысқы жем-азықпен қамтамасыз етуде үлкен қиындықтар тудырып отыр.
«Ең басты мақсат мал басының өлімі мен мал шаруашылығы өнімдерінің төмендеп кетпеуіне жол бермеу», - делінген облыс әкімінің үндеуінде.
Осыған байланысты аудан, Ақтөбе қаласы және ауылдық округтердің әкімдеріне барлық елді мекендердің халқын қысқы жем-азық дайындауға тартуды ұйымдастыру туралы жұмыстарды жеке өздері басқару бойынша тапсырма берілді.
Сонымен қатар облыс әкімі жем-азық дайындаудың екі айлығын ұйымдастыру туралы қаулы қабылдады. Осы мақсаттарға қолданылатын дизель отынын 50 пайызға арзандату үшін 150 млн. теңге, ал ең жақсы жұмыс істеген ұжымдарды марапаттау үшін 50 млн. теңге бөлінген.
170 млн. теңге көлеміндегі қаражат халықты шөп дайындауға тарту бойынша ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерінің шығарған шығынын толтыру үшін бөлінген.
ҚР Үкіметіне «ҚазАгро» НҰХ» АҚ ауыл шаруашылығын өндірушілердің республикалық бюджеттен алған қарызының мерзімін ұзарту туралы, сондай-ақ облыстың мұқтаждығына сәйкес азық-түлік, тұқым мен мал азық қорымын бөлу туралы құжат дайындалды.