Ақтөбе облысының әкімі су қоймаларының әзірлігін тексерді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы алдағы су тасқынына сақадай-сай дайын. Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Қарғалы, Ақтөбе, Сазды аудандарындағы су қоймаларының жай-күйін тексерді.
None
None

Облыс әкімнің айтуынша, дайындық жоспарға сай өтуде. Ақтөбені, ауылдық елді мекендерді қардан тазалау белсенді жүргізілуде.

«Бүгін тұрғын үй аймағынан 370 тонна қар сыртқа шығарылды. 6,5 мың тонна инертті материалдар дайындалып, қарды сыртқа тасу үшін 180 млн. теңге қаржы бөлінді. Алдағы су тасқынының алдын алуымыз қажет, қаланың саяжай аймақтары мен аудандарының тұрғындарына ескерту жұмыстары жүргізілуде», - деді ол.

«Қазгидрометтің» болжамы бойынша осы жылы су тасқыны кезеңінде су деңгейі 1,5 есе көп болады күтілуде. Күн жылынып, жауын-шашын су қоймаларын жылдам толтырып тастауы мүмкін. Осыған орай су бөлігін тастау қажеттілігі туындайды.

«Қазсушаруашылық» РМК филиалының басшысы Бекзат Наметовтың айтуынша, бүгінде Қарғалы су қоймасында 280 млн. текше метр су сыятын жоба қуаттылығында 80 млн. текше метр су бар. Оған 240-360 текше метр көлемінде су келуі мүмкін, Ақтөбе су қоймаларындағы су жобалық көлемнің 49 пайызын құраса, Сазды ауданында жиналған су көлемі 17 пайызды құрайды.

Соңғы жаңалықтар