Ақтөбе облысының депутаты 67 оқушыға 1,2 млн.теңгеге көмек көрсетті

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Тамыздың басынан «Мектепке жол» акциясы аясында Ақтөбе облысында көпбалалы және тұрмысы төмен жанұялардан шыққан 2 120 оқушыға қолдау көрсетілді.
None
None

«Акция ҚР БҒМ бастамасымен өтуде. Биыл ол «Балаларға жақсылық сыйла» ұранымен өтіп, балалар құқығы туралы конвенцияның ратификациялануының 20 жылдығына орайластырылды. Акция барысында мемлекеттік мекемелер, соның ішінде денсаулық сақтау басқармасы, облыстық мәслихаттың депутаттары белсенділік танытты», - деді облыстық білім басқармасының бөлім бастығы Шамшырақ Сайлағиева.

Мектепке керекті жарақтар, киім және аяқ киім алуға 30 мың теңгедей қаражат керек. Сондықтан көпбалалы және тұрмысы төмен жанұяларға балаларын мектепке дайындау оңай емес. Денсаулық сақтау басқармасы 20 оқушыға көмек көрсетсе, облыстық мәслихаттың депутаттары 21 баланы мектепке даярлады. Шалқар селолық округінің депутаты, «Емшан компаниясы» ЗТБ президенті Мейіржан Өндіргенов аса белсенділік танытты. Ол 67 балаға 1,2 млн. теңге көлемінде қолдау көрсетті. Мектепке қажетті жарақтар, киім, сонымен бірге оқулықтар Шалқар ауданындағы Жаңақоныс кентіндегі Актоғай орта мектебінің оқушыларына берілді.

Соңғы жаңалықтар