Ақтөбе облысының екі ауданының әкімдері тағайындалды

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланғандай, Мавр Абдуллин 1973 жылы дүниеге келген. «Экономист-менеджер» мамандығы бойынша Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын тәмамдады. Еңбек жолын 1990 жылы Ойыл ауданының ДЭУ-40 мекемесінде бастады. Ойыл ауданында мәдениет бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2011 жылдың ақпан айынан осы лауазымға тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.
Ойыл ауданының бұрынғы әкімі Алтынбек Әмірғалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
Сондай-ақ облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтың өкімімен ҚР заңнамасына сәйкес және аудандық мәслихаттың рұқсатымен Қарғалы ауданының әкімі болып Мәлімбет Ибрашов тағайындалды.
Мәлімбет Ибрашов 1970 жылы дүниеге келген. «Бухгалтер-экономист» мамандығы бойынша Алматы статистика және экономика институтын, «құрылыс бакалавры» мамандығы бойынша Л. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін және «менеджмент» мамандығы бойынша халықаралық бизнес Академиясын бітірді. Еңбек жолын 1989 жылы Орынбор облысының «Ақбұлақ» совхозында қызмет етуден бастады. Белгілі уақыт аралығында Орынбор және Ақтөбе облыстарының жеке құрылымында еңбек етті. Бас маман, бөлімнің басшысы, Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарды.
2010 жылдың қаңтар айынан бастап осы қызметке келгенге дейін Ақтөбе облысы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.
Қарғалы ауданының бұрынғы әкімі Айбек Сағиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен кетті.