Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Ануар Маханов 1975 жылы туған. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономика және менеджмент» мамандығы бойынша тәмамдаған. Еңбек жолын 1992 жылы Байғанин ауданы Байғанин ауылында құрылысшы болудан бастаған.
Ақтөбе қаласы «Қазақтүрікмұнай» ЖШС, Ақтөбе қаласы «АқжарОйл-АС» ЖШС, Байғанын ауданы Жарқамыс кентіндегі «Жарық» ШҚ-да түрлі қызметтерде болған.
2011 -2014 жылдары Ақтөбе облысы ауыл шаруашылығы басқармасында істеп, бөлім басшысынан бастап, басқарма басшысының орынбасары қызметіне дейін көтерілген.
2014-2015 жж. «Ақтөбе» ӘКК» ҰК» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі, «Ақбұлақ» АҚ президентінің кеңесшісі болған.
2015 жылдың наурызынан бүгінге дейін «Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ басшысының орынбасары қызметін атқарған.