19:30, 14 Қаңтар 2015 | GMT +5
Ақтөбе облысының ІІД орын алған ірі жол апатының куәгерлерін іздейді
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін облыстың ІІД полицейлері өңірлік БАҚ арқылы жұртшылыққа «Ақтөбе-Астрахань» тас жолының 19-шы шақырымында ағымдағы жылғы 5 қаңтарда орын алған ірі апатты көрген-білген адамдар болса, хабарласуын өтінді.
Еске салсақ, «Тойота Королла» мен«Опель Вектра» көліктері соқтығысқан жантүршігерлік апаттан төрт адам қаза тауып, бесіншісі ауруханада жан тапсырды.
Оқиға мән-жайын тергеп жатқан полицейлер апат жайында қандай да бір ақпарат білетін куәгерлер болса, хабарласуын өтінеді.