Ақтөбе облысының мектептерінде мұғалімдер мен директорларды рейтингтік бағалау жүйесі енгізіледі

None
None
АҚТӨБЕ. 28 маусым. ҚазАқпарат - Оқыту сапасын арттыру мақсатында ақтөбелік мектептерде жақын уақытта педагогикалық қызметкерлердің, соның ішінде оқу мекемелеріндегі жетекшілерді рейтингтік бағалау жүйесін енгізу жоспарлануда.

Бұл туралы облыстық әкімдікте болған кеңес барысында өңір басшысы Архимед Мұхамбетов айтты.

ҰБТ қорытындылары туралы облыстық білім басқармасының бастығы Жанат Самұратова хабарлады. Облыс әкімі Ақтөбенің республикалық рейтингте ҰБТ бойынша екінші орын алғанына қарамастан, қол жеткізген жетістіктермен шектелмеу керектігін айтты. Ырғыз, Әйтеке би, Шалқар, Хромтау, Алға аудандарының әкімдеріне түлектер білім деңгейінің төмендігі және білім жүйесінің тиімсіз жұмысы жайлы айтылды.

Аудан және Ақтөбе әкімдеріне екі апта мерзімінде ҰБТ қорытындыларын талдау, білім сапасын одан әрі арттыру үшін жағдайларды қамтамасыз ететін шаралар кешенін әзірлеу тапсырылды. Бұдан басқа жалпы білім беретін мектептердің материалдық-техникалық базасының жағдайына талдау жасау, оны жабдықтау бойынша шараларды қолдану қажеттігі айтылды.

«ҰБТ - білім сапасының жалғыз индикаторы. Балаларымыздың білімі көбінесе  олардың тәлімгерлерінің педагогикалық шеберліктеріне байланысты. Сондықтан ақтөбелік мектептердегі білім сапасын арттыру үшін жақын уақытта педагогикалық қызметкерлердің, соның ішінде оқу мекемелері басшыларының рейтингтік бағалау жүйесін енгізу мәселесін қарастырамыз», - деп түйіндеді Архимед Мұхамбетов.

Соңғы жаңалықтар