Ақтөбе облысының өндірістік өнімі артты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қаңтар айынан бастап 10 ай ішінде Ақтөбе облысы өндірісінің көлемі 959,7 млрд. теңгені құрады. 2015 жылмен салыстырғанда 98,4 пайызға сәйкес келеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақтөбе облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына сілтемемен хабарлайды.
None
None

2016 жылы облыста 10 инвестициялық жоба іске қосылды. Бұл жобалардың жалпы құны 16,9 млрд теңгені құрады. Жоба барысында 736 жұмыс орны ашылды. Осы 10 жобаның 3-еуі Индустрияландыру картасына енгізілді.

«Сайлан Ақтөбе» ЖШС, «Хромикс» пигмент-толтыру және құрамында хромы бар магнезиялық ұнтақ шығаратын цех іске қосылып, 20 жұмыс орны ашылды. Бұл цех жылына 6 мың тоннан «хромикс» өндіреді деп күтілуде. Сондай-ақ «КазинРусс-трейдинг ЖШС» мұнай өңдейтін зауыты 131 адам жұмыспен қамтып отыр. Бұл зауыттың жалпы құны 230 млн теңге, ал қуаттылығы жылына 111,6 мың тонна дизель отыны мен жанар-жағармай шығарады. 

Германияның «Weckenmann» компаниясының технологиясымен  салынған «Үй құрылысы комбинаты» ЖШС жылына 50 мың шаршы метр құрылыс құралдарын шығарады. Бұл зауыттың жалпы құны 2,5 млрд теңге. Зауыт ашылғаннан бері 103 адам жұмысқа қабылданды.

Индира Кереева

Соңғы жаңалықтар