Ақтөбе облысының полицейлері бір аптаның ішінде жасалған 84 қылмыстың 77-сінің бетін ашты

АҚТӨБЕ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Өткен аптада Ақтөбе облысының аумағында 84 қылмыстық оқиға тіркеліп, полицейлер олардың 77-сінің бетін ашты. Бүгін облыстық ішкі істер департаментінде өткен апталық баспасөз мәслихатында осындай мәлімет келтірілді.
None
None

Кісі өлтіру, адам өліміне әкелген ауыр зақым келтіру сияқты ауыр қылмыстар, полицейлердің айтуынша, көп жағдайда спирттік ішімдік ішу кезінде жасалады.

Атап айтқанда, мамырдың 30-ы күні Ақтөбедегі жедел жәрдем ауруханасында «бас миы жарақаты» диагнозымен түскен 63 жастағы ер азамат көз жұмды. Қылмыстық полиция қызметкерлері бұл факті бойынша марқұмның 48 жастағы немере бауырын ұстады. Тергеу кезінде анықталғандай, бірлесіп ішімдік ішкеннен кейін орын алған ұрыс-керістің барысында әлгі азамат туысын соққыға жыққан. Нәтижесінде, ол ауруханада қайтыс болған.

Ал мамырдың 29-ында «Кирпичный» кентіндегі демалыс базаларының бірінен «іш, кеуде жабық жарақаттары, қабырғаның сынуы» диагнозымен ауруханаға түскен 43 жастағы ер азамат, екі күннен кейін қайтыс болады. Полицейлер әлгінің туған бауырын қамауға алады. Анықталғандай, «ақаға» тойып алған ағайындының біреуі екіншісін күректің сабымен соққыға жығады.

Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 103-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып отыр.

Соңғы жаңалықтар