11:22, 16 Шілде 2015 | GMT +5
Ақтөбе облысының полицейлері бөлтіріктерді аяусыз өлтіргендерді анықтауға кірісті
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі Facebook-тегі жеке парақшасында әлеуметтік желілерде жария болған бөлтіріктерді аясуыз өлтіру оқиғасы бойынша тергеу басталғанын хабарлады.
«Қазір құқық бұзған адамдарды анықтау бойынша шаралар атқарылып жатыр», - делінген хабарламада.
Ақтөбе облыстық ІІД ҚПК 184-бабы 1-бөлімі 2-бөлімшесіне сәйкес, ҚР ҚК 316-бабы 2-бөлімінде қарастырылған құқықбұзушылық сипаттары бойынша ЕРДР тіркеді. ҚР ҚК 316-бабында аталған құқық бұзу бойынша 500-ге дейінгі АЕК көлемінде айыппұл төлеу немесе сол көлемде түзету жұмыстары немесе 300 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 90 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.