Ақтөбе облысының полицейлері күйшетілген жұмыс тәртібіне ауыстырылды

деп хабарлайды ІІД-нің баспасөз қызметінен. Жол полициясының жеке құрамы өзге қызметтердің қызметкерлері тартыла отырып, күшейтілген жұмыс тәртібіне көшірілді.
Бұл ретте, ерекше назар жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтауына, апаттарға және апаттық жағдайларды туғызуға алып келетін жол ережелерінің өрескел бұзушылықтарының алдын алуға аударылатын болады.
Жалпы алғанда жыл басынан бері аймақта жол қозғалысы ережелерінің 7 997 бұзушылығы анықталды, соның 311-і - көлікті мас күйінде жүргізу. Нәтижесінде 195 жүргізуші екі жылға және одан да көп мерзімге жүргізуші куәліктерінен айырылды және 55 жүргізуші әкімшілік қамауға алынды.
Қаңтар айында облыс аумағында 59 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 5 адам қаза тауып, тағы 81-і түрлі жарақаттар алды.