Ақтөбе облысының соттарында қарастырылған қылмыстық істер саны артты

АҚТӨБЕ. 14 қаңтар. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - 2010 жылы Ақтөбе облысының соттарымен 3 565 азаматқа қатысты 3 149 қылмыстық іс қаралды.
None
None

Өткен жылмен салыстырғанда аталмыш көрсеткіш 13,1 пайызға артты, деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

1 320 іске қатысты айыптау шешімі қабылданды, оның ішінде 11 айыпталған кінәсіз деп танылды. 1 585 қылмыстық іс тараптардың өзара келісуінен тоқтатылды, бұл тоқтатылған істердің негізгі себебі болып отыр.

Сонымен қатар ақтөбелік соттардың жұмыстарының артып отырғаны байқалуда. Мәселен, 2010 жылы әр судьяға келетін орташа айлық ауыртпалық 9 қылмыстық істі құрады, облыстық соттарға түсіп жатқан қылмыстық істердің саны 80-90 адамға артып келеді.

Соңғы жаңалықтар