13:39, 28 Маусым 2012 | GMT +5
Ақтөбе облысының жол полицейлері қызметтерін күшейтілген режимде атқаруда
АҚТӨБЕ. 28 маусым. ҚазАқпарат - Жол-көлік оқиғаларының санын қысқарту, сондай-ақ зардаптарын жеңілдету мақсатында 26 маусым-2 шілде аралығында Ақтөбе облысының аумағында «Қауіпсіздік аптасы» жедел-алдын

алу шарасы өткізілуде.
Жедел-алдын алу шарасын өткізу алдында облыстық ЖПБ-ның жеке құрамы қызметін күшейтінген нұсқада атқаруда, деп хабарлады ІІД-нің баспасөз қызметінен.
Сондай-ақ қала сыртындағы көлік жолдарында, әсіресе көліктердің демалыс орындарына бару бағыттарында жасақтардың шоғыры көбейтілді. Көлік жолдарындағы жол белгілерін, жол төсемдерінің бар-жоғы тексерілуде.
Жедел-алдын алу шарасын өткізудің екі күнінде жол полициясының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 956 фактісін анықтады.