«Ақтөбе-Ор» тас жолында 50 көлік пен 2 автобус бөгеліп қалған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында республикалық маңызы бар «Ақтөбе-Ресей Федерациясының шекарасы» (Ор) тас жолындағы қалың қар көлік қатынасына кедергі келтірді.
None
None

«Қазақавтожол» РМК жол қызметінің хабарлауынша, Ашылысай мен Әлімбетов елді мекендерінің арасындағы «Ақтөбе-Ор (РФ) жолында 50-ге жуық автокөлік пен «Ақтөбе-Ор» бағытындағы 2 автобус бөгеліп қалған.

Оқиға орнына 6 техникамен жол қызметінің бригадасы шықты. Қазіргі уақытта қардан тазалау мен адамдарды құтқару жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлады «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар