19:42, 17 Ақпан 2016 | GMT +5
«Ақтөбе-Ор» тас жолында көлік қозғалысы шектелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында ауа райының нашарлауына байланысты (қар, боран, жол көрінбеу) «Ақтөбе-Ор» тас жолының 16-135 шақырымы, Ақтөбе қаласынан РФ шекарасына дейінгі жолмен жүруге көліктің барлық түріне шектеу енгізілді.

Бұл туралы «ҚазақАвтожол» РМК баспасөз қызметінен хабарлады.