14:09, 02 Қазан 2017 | GMT +5
Ақтөбе-Орск күре жолында жүк көлігіне жол бермеген жас жүргізуші қаза тапты
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе - Орск бағытындағы жолда КамАЗ жеңіл көлікпен соқтығысып, екі адам мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
27 және 30 жастағы екі адам қаза тапқан оқиға Ақтөбе-Орск бағытындағы тасжолдың 31 шақырымында болды.
«Таңғы сағат 8:00-де Ақтөбе-Орск тасжолында 23 жастағы «Фольксваген Гольф» машинасының жүргізушісі жол қозғалысы ережесін бұзып, басты жолда келе жатқан КамАЗ көлігіне жол бермеген. Салдарынан жүргізуші мен жеңіл көліктегі 30 жастағы жолаушы мерт болды. Екеуі де Ақтөбе облысының тұрғыны. Ешкім ауруханаға жеткізілген жоқ. Жүк көлігінің 45 жастағы жүргізушісі дін аман»,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі. Қазір осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша сот алды тергеу басталды.