Ақтөбе соттары бір жылда мыңнан астам қылмыстық істі қарады

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Бір жылда қылмыстық жауапқа тартылған 13 адам ақталды. Сондай-ақ қылмыстық жауапқа тартылған мыңнан астам адамның тең жартысы жазасын бостандықта жүріп өтейді. 

Ақтөбе соттары бір жылда мыңнан астам қылмыстық істі қарады
Фото: Freepik

Ақтөбе облыстық соты жылды қорытындылады. Бір жылда 13 000 азаматтық іс бойынша шешім шығарылды. Соның ішінде 7 мыңға жуық іс медиация тәртібімен қаралды. Сонымен бірге 17 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Оның басым бөлігі жазаға тартылды.

— Облыс соттарында 1 642 адамға қатысты 1 398 қылмыстық іс аяқталды. Оның ішінде 1 259 адамға қатысты 1 099 іс бойынша үкім шықты. Барлығы 13 адам ақталды. Сотталғандардың 51 пайызына бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындалды, — деп хабарлады Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Ақтөбе облыстық қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты 12 адамның қазасына қатысты істі қысқартты. Судья қаулы шығарғанда полиция анықтаушысы өз ісіне салғырт қарады деп таныды. 

Соңғы жаңалықтар