Ақтөбе терактісіне қатысқандардың барлығы ұсталып, көздері жойылды - Қ.Қасымов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі терактіге қатысқандардың барлығы ұсталып, көздері жойылды. Бұл туралы бүгін халық алдында есеп берген ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мәлім етті.

«5 маусымда Ақтөбеде біз діни экстремизм мен лаңкестікке тағы да тап болдық. Өкінішке орай, Ұлттық ұланның 3 әскери қызметшісі мен 5 бейбіт тұрғын қаза тапты. 7 әскери қызметші мен 12 полицей жарақат алды. Қазіргі уақытта терактіге қатысқандардың барлығы ұсталды және кейбірінің көздері жойылды. Тергеу жүргізілуде», - деп атап өтті ол.

Бұның алдында министр атап өткеніндей, Ақтөбеде жағдай тұрақталған. «Лаңкестіктің «қызыл» қаупі алынып тасталды және ол «сарыға» ауысты. Барлық мекемелер қалыпты жұмысына кірісті. Кеше құқық қорғау органдарының күшейтілген қызмет режимін алып тастады», - дейді Қ.Қасымов.

Оның сөзі бойынша, басқа өңірлерден жеткізілген күштік құрылымдар өз үйлеріне қайтарылған. 

Соңғы жаңалықтар
telegram