Ақтөбе тұрғыны жоғалған баласын үш күннен кейін ғана іздеді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде жыл басынан бері 9 жасөспірім үйінен кетіп қалған. Полиция қызметкерлері көктемде мұндай жағдайдың жиілеп кеткенін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбе тұрғыны жоғалған баласын үш күннен кейін ғана іздеді

Ювеналды полиция қызметкерлері үйден өз еркімен кетіп қалған 15, 16 және 17 жастағы үш жасөспірімді тапты.

Мәселен, Ақтөбе қаласындағы колледж жатақханасынан 16 жастағы студент кетіп қалған. Ата-анасы бұған дейін ата-ана құқығынан айырылған.

Ал жасөспірім колледж әкімшілігінің қамқорлығында болған. Іздеу шаралары барысында бойжеткен ауылдағы досының үйінен табылды.

Қала мектептерінің біріндегі 9-сынып оқушысы өз еркімен үйінен кетіп қалған. Үш күн өткен соң анасы полицияға қызының жоғалып кеткені туралы хабарлады. Белгілі болғандай, қыз құрбысымен бірге жалдамалы пәтерде болған.

Кеше тағы бір жасөспірім үйінен кетіп қалды. Белгілі болғандай, жасөспірім әкесімен бірге тұрады.

Ол баласын 7 сағаттан кейін іздей бастаған. Кейін анасынан табылды.

«Ата-ана бақыламайды, оқу орнының әкімшілігі тарапынан тиісті қадағалау жоқ. Көбінесе қараусыз, толық емес отбасында тұратындар ескертусіз жүре береді», -дейді облыстық ПД бастығы Атығай Арыстанов.