Ақтөбе: Үш ауысымды мектеп мәселесін шешу үшін қосымша ғимараттар салынады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласында 8 үш ауысымды мектеп бар. Қазір осы мектептердің кейбір сыныбында 34 бала білім алып жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Ақтөбеде жоғары сынып оқушылары емес, бастауыш сынып оқушылары мектептерге сыймай жатыр. Кейбір мектептерде 1-сыныптар саны оннан асып кеткен. Әсіресе жаңа ықшам аудандандар бұл мәселе өткір тұр.

«Әр сыныпта 25 оқушы болуы тиіс. Бірақ жаңа ықшам аудан болған соң биыл жеті 1-сынып ашылды. Жыл сайын дәл осы қалыпты сақтап тұр. Жас отбасылары көп аудан болған соң деп болжап отырмыз», - деді мектеп директоры Латып Әліби.

Үш ауысымды мектеп мәселесін шешу үшін мектеп жанына жаңа ғимарат салына бастады. Мәселен, Ақтөбе қаласындағы №21, 27, 9 мектептерге жапсарлас құрылыс салынып, мәселе шешілді.

«Өткен жылы 7 үш ауысымды мектеп болды. Оның төртеуінде мәселе шешіліп еді, өзге аудандарда қосылып, қазір барлығы 8 мектеп оқушылары үш ауысымда білім алып жүр. Биыл 7 мың бала мектепке барды. Талдау бойынша 1,5 мың бала басқа өңірден, аудан, ауылдан келген екен», - деді қала әкімі Мавр Абдуллин.

Айта кетейік, келер жылы Ақтөбе қаласында 5 мектеп пайдалануға беріледі, оның екеуін жеке кәсіпкер салып береді. Рауан, Шилісай ауылдары мен «Нұр Ақтөбе» ықшам ауданыңдағы мектеп мемлекет қаржысына бой көтереді.

Соңғы жаңалықтар