Ақтөбе жанкүйерлері С. Сымақовты клуб тарихы бойынша ең сүйікті ойыншы деп таныды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ақтөбе» футбол клубының жанкүйерлері қазақстандық футбол ардагері Самат Сымақовты команданың күллі тарихы бойынша ең сүйікті ойыншы деп таныды.
None
None

Бұл нәтижені ВКонтактеде 47 мыңнан астам жазылушысы бар «Қызыл-ақ аумағы» қоғамдастығының сұрақ-жауабы көрсетті.

«Самат Сымақов - «Ақтөбе» футбол клубының күллі тарихы бойынша оның жанкүйерлерінің ең сүйікті ойыншысы, - делінген жарияланған хабарламада. - Жанкүйерлерге түрлі кезеңдердегі клубтың үш үміткерінің тізімі ұсынылды. Смақов Ақтөбелік әр жанкүйердің топ-3-тігіне ілікті.

Атап өтсек, 37 жастағы Сымақов «Ақтөбе» ФК-ға осы жылдың басында оралған. Ол бұрын клубта 2007-2012 жылдары ойнаған. Өткен маусымда өткен «Ертіс» ФК жартылай қорғаушы ретінде футболшы 26 ойынға қатысып, үш гол соққан.

Соңғы жаңалықтар