Ақтөбе жастары «Паллада» қару дүкеніне гүл шоқтарын қойды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Бүгін Ақтөбеде жастар ұйымы лаңкестік құрбандарын аза тұту ретінде «Паллада» қару дүкенінің алдына гүл шоқтарын қоюда. Шараға «Жас Отан» жастар қанаты мен Қазақстан жастар конгресінің филиалы бастамашылық етті.

Еске салсақ, осы жылы 5-6 маусымда орын алған лаңкестік оқиға салдарынан дүкен жанынан өтіп бара жатқан зейнеткер Николай Онищенко, «Күзет» қызметкері Мерхан Тәжібаев, «Паллада» дүкенінің сатушысы Андрей Максименко, «Пантера» дүкенінде бейбіт тұрғын Михаил Матросов қаза тапты.

40-қа жуық жас ақтөбеліктер оларды еске алуға жиналды. Олар артынша қала ауруханаларына барып қан тапсырды.

Ақтөбеде ауруханада 16 жаралы алам ем алуды, олардың екеуі күдікті.

ІІМ деректеріне сәйкес іздеудегі  7 адамның біреуі ұсталды.

Соңғы жаңалықтар
telegram