Ақтөбе жолдарындағы тәртіпті 100 мыңнан астам жаңа көлік қадағалайды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Тәуелсіздік күні қарсаңында Ақтөбе облыстық Полиция департаментіне 110 жаңа көлік берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Көліктердің барлығы жолдағы тәртіпті бақылау үшін тапсырылып отыр.  

«Полиция қызметкерлерін көлікпен қамтамасыз ету, техникалық базасын нығайту мақсатында жұмыс жүйелі атқарылып жатыр. Жаңа көлік қоғамдағы тәртіпті бақылауға, ел тыныштығы үшін еңбек етуге септігін тигізе деп сенеміз. Ақтөбеліктер қорықпай жұмысына, сабағына баруы керек», - деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.

null Айта кетейік, бүгін Ақтөбе облысы бойынша жол-патрульдік полиция қызметкері Данияр Аймағамбет «Айбын» орденін алды. Ол өзіне пышақ ала жүгіріп, адамдарға қауіп төндірген күдіктіні құрықтаған болатын.  

Сонымен қатар, Президент Жарлығымен 8 қызметкер мемлекеттік наградаларға ие болды. Тәуелсіздік күні қарсаңында жалпы 1 мыңнан астам полиция қызметкері сыйақылар, арнайы алғыс хаттар мен медальдар алды.

 

Соңғы жаңалықтар
telegram