Ақтөбеде 1,5 млн теңге пара алған мемлекеттік қызметкер 4 жылға сотталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті бастығының орынбасары Қалмағамбет Рахметов пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде 1,5 млн теңге пара алған мемлекеттік қызметкер 4 жылға сотталды

Ақтөбе қалалық сотында мемлекеттік қызметкер Қалмағамбет Рахметовке қатысты Қылмыстық кодекстің «Пара алу» бабымен үкім шықты. Судья Е.Әбдіхалықов сотталушы Қ.Рахметовті 1,5 миллион теңге пара алғаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Іс материалына сүйенсек, сотталушы Қалмағамбет Рахметов 2018 жылдың 4 қазан күні өз кабинетінде ұсталды. Ол Ақтөбе облыстық перинаталдық орталығының бас дәрігері Асхат Балықовтан ақша сұраған. Облыстық ішкі мемлекеттік аудит департаменті дәл сол кезде аталған орталықты тексеріп, қорытынды шығарған болатын.