Ақтөбеде 1,5 трлн теңге инвестиция тартылмақ

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде 2022-2025 жылдары аралығында 1,5 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Қуандық Қасымов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірде инвестиция тарту, инвестициялық жобаларды іске асыру бағытында жоспар бекітілді. 2022 жылдан бастап 2025 жылға дейін 10 мыңға жуық жұмыс орнын құру, ол үшін 1,5 трлн теңгеден астам соманы құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыру пулы құрылды.

«Былтыр 80 млрд теңгеге 23 жоба іске асырылды. Онда 1,2 мың жұмыс орны құрылды. Аталған жобалардың бесеуі Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде іске асырылды. Оның ішінде қыш тақтайша зауыты, газды кешенді дайындау қондырғысын қайта жаңарту жобасы, «Бадамша-2» жел электр станциясы бар. Биыл 48 млрд теңгеден астам сомаға кем дегенде 20 жобаны жүзеге асыру жоспарланды. Олардың қатарында «Қожасай» кен орнында қуаты 40 мың м3/сағ газды кешенді дайындау қондырғысын қайта жаңарту жобасының 2-кезеңі, темір кенін құрғақ магнитті бөлу фабрикасы, мобильді бұрғылау қондырғыларын өндіру жобасы бар», - деді Ақтөбе облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Қуандық Қасымов.


Соңғы жаңалықтар
telegram referendum