Ақтөбеде 1 мыңға жуық кәсіпкер жұмысын қайта бастады
Ақтөбеде кәсіпкерлер электронды цифрлық қолтаңба алып, www.infokazakhstan.kz порталына тіркеліп жатыр. Ал ірі сауда орындарына рұқсат беру кезінде алдын ала тексеру жүргізіледі.
«Карантин кезінде сауда, қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану саласы қиындыққа тап болды. Азық-түлік дүкені мен дәріханалар ғана кедергісіз қызмет көрсетті. Бүгіннен бастап мониторинг жүргізіледі. Тоқырауға тап болғандарды көмектесу тетігін қарастырамыз. Егер кімде-кім тіркеле алмаса, кәсіпкерлік палатасы көмектеседі. Біз сенбі, жексенбі күндері жұмыс істеп, алдын – ала түсіндіру жұмыстарын жүргіздік», - деді «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлік палатасының директоры Анар Даржанова.
Айта кетейік, облыста барлығы 3167 адам тіркелсе, оның 90 пайызға жуығы емделіп шықты. Өткен тәулікте 158 адам жұқпалы ауруды жеңді. Қазір үй карантинінде 364 адам бар. Оларға медициналық бақылау жүргізіліп жатыр.