Ақтөбеде 100-ден астам шетелдік ұсталды
АҚТӨБЕ. KAZINFORM - Ақтөбеде бір аптада көші-қон заңнамасын бұзған 100-ден астам шетелдік анықталып, ұсталды.
Ақтөбеде осы аптада «Заңсыз келуші» жедел-алдын алу шарасы өтті. Онда тәртіп сақшылары Қазақстанда болу ережесін бұзған 100-ден астам шетелдікті анықтады. Сонымен қатар шетелдіктерді қабылдау және шетелдік жұмыс күшін пайдалану ережелерін бұзған ақтөбеліктер әкімшілік жауапқа тартылды.
- Полиция қызметкерлері бір жылдан астам уақыттан бері өз елінде мемлекетаралық іздеуде жүрген Арменияның азаматын ұстады. Қазіргі таңда аталған шетелдік уақытша қамауға алынды. «Заңсыз келуші» іс-шара аясында учаскелік полиция инспекторлары саяжай аумақтарын, шаруа қожалықтарын, қыстақтарды тексерді,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, кәмелет жасқа толмаған баланы зорлады деген күдікке іліккен ақтөбелік тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсады.