Ақтөбеде 11 сынып оқушысы колледж студентін қорқытып, оның атына несие рәсімдеген

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде қаладағы колледждердің бірінде оқитын 17 жастағы студенттің ата-анасы полицияға шағым түсірді. Ата-ана шағымында баласын біреулер қорқытып, оның атына несие рәсімдегенін айтқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Студент жігіттің ата-анасының сөзінше, бейтаныс жігіт олардың ұлын қорқытып, iPhone 11 маркалы ұялы телефон сатып алу үшін 330 000 теңгеге несиені онлайн рәсімдеткен.

«Полиция жедел-іздестіру шаралары барысында қала мектептерінің бірінің 11 сынып оқушысын анықтап, ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындады. Қазіргі кезде оған қатысты Қылмыстық кодекстің «Тонау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Осы баптың санкциясы мүлкі тәркіленіп, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады», - деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Осыған дейін Ақтөбе облысында 100-ден астам жол-көлік апаты тіркелгенін жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар