Ақтөбеде 16 600 баланы мектепке дайындау үшін бір жолғы әлеуметтік көмек беріледі

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Бір жолғы әлеуметтік төлем құны — 46 226 теңге. Бұл әр балаға берілетін көмек.

Астанада мектеп формасы мен оқу құралдары жәрмеңкесі өтіп жатыр
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Жаңа оқу жылында балаларға киім-кешек пен мектеп құралдарын алу үшін әлеуметтік төлем қарастырылды. Ақтөбе облысы бойынша 16 600 балаға беріледі. Былтырға қарағанда әлеуметтік көмек алушылар саны мың балаға қысқарды. 

— Көмек атаулы әлеуметтік көмек алатын, АӘК алмаса да жан басына шаққандағы табысы күнкөріс деңгейінен төмен отбасы балаларына тиесілі. Жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, сонымен бірге төтенше жағдай салдарынан зардап шеккендер мен білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңесінің шешімі негізінде таңдалған отбасы балаларына беріледі. 46 226 теңге әр балаға тиесілі. Ақша ата-аналардың жеке шоттарына түседі, — деді Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Нұргүл Бертілеуова.

Айта кетейік, биыл Ақтөбеде 190 бала мектепте білім алса, оның 19 мыңнан астамы 1-сыныпқа барады

Жаңа оқу жылында 6 мектеп қолданысқа беріледі. Оның төртеуі «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған мектеп болса, екеуі жеке.

Соңғы жаңалықтар