Ақтөбеде 18 мыңнан астам отбасына «Birgemiz» қорынан көмек көрсетілді

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде көпбалалы, аз қамтылған отбасылар, І,ІІ,ІІІ топтағы мүгедектер, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға «Birgemiz» қоры көмектесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаменттің «Antikor Live» жобасы аясында «Ақтөбе – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жанболат Тұртаев «Nur Otan» партиясы Ақтөбе облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ербол Данағұловпен «Республикалық «BIRGEMIZ» қорынан бөлінетін 50 мың теңге жәрдемақы» тақырыбында кездесу өткізді.

«Birgemiz» қоғамдық қоры Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. Қорға бизнес өкілдері өз ерікімен қаржы аударды. Сол ақша халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдауға жұмсалуда. Көмек алушылар арасында талас болмас үшін мемлекеттік органдардың ресми деректеріне сүйендік. Барлық көмек қолма-қол берілмеді, адамдардың есепшотына аударылды. Бұл ашықтық мен айқындықты көрсетеді», - деді Ербол Данағұлов.


Елбасы бастамасымен құрылған қорға бүгінде кәсіпкерлерден 23,5 миллиард теңгеден астам қаржы түскен. Ербол Данағұловтың айтуыша, Ақтөбе қаласында көпбалалы, аз қамтылған отбасылар, І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедектер, 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, ең төменгі зейнетақы алатын және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының тізіміне кіретін жандар алды. Жасы бойынша зейнетке шыққандар мен жетім балалар, ҰОС қатысушылар және оларға теңестірілген мүгедектер, тыл еңбеккерлері жалпы есеппен 18 500-ге жуық отбасы қолдауға ие болды.


Соңғы жаңалықтар