Ақтөбеде 19 жастағы қазақстандық теннисші ширек финалға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық Арысланбек Айтқұлов Ақтөбеде өтіп жатқан ITF World Tennis Tour турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: Қазақстан теннис федерациясы

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткендей, 19 жастағы қазақстандық спортшының АТР рейтингісінде орны болмаса да, күтпеген жерден осы жарыстың сегізінші, әлемнің 845-ракеткасы, жапониялық Казума Кавачиді ұтып кетті.

Қарағанды теннис мектебінің түлегі азулы қарсыласын 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктірді.

Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында Арысланбек 10 эйс жасап, 3 брейк-пойнтты түгел пайдаланды.

А.Айтқұлов жартылай финалға шығу үшін Беларусь өкілі Александр Биндамен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Гөзал Айнитдинованың Астанадағы турнирдің екінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Александр Бублик Индиан-Уэллс мастерс турнирінде жеңіліп қалды.


Соңғы жаңалықтар