Ақтөбеде 19 жастағы қыздың өліміне себепкер болған студент сотта жылады

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбедегі саябақта серуендеп жүріп, қатты келген көліктің астында қалған Сюзанна Гамидованың өліміне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Бүгін мемлекеттік айыптаушы сотталушы Сезім Самұратты 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Сотталушы Сезім Самұрат саябақта жүрген Сюзанна Гамидованы, Мақсұт Анапинді басып кетті. Көлік оқиғасы кезінде Гамидова көз жұмды, Анапин Ақтөбе қалалық жедел-жәрдем ауруханасына жеткізіліп, денсаулығына орта дәрежедегі зиян келтірілді. Сотталушы өзіне тағылған айыппен келісіп, өкінетінін жеткізді. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде Гамидованың бас-ми жарақаты кезінде қаза болғаны анықталды. Жазаны жеңілдету кезінде шын ниетімен өкінуі, жәбірленуші тарапқа материалды залалды өтеуі, бұрын сотталмауы, жақсы мінездеме берілгені ескерілгені дұрыс. Жол апаты кезінде Гамидова қаза болды, Анапин ауыр жараланды. Сезім Самұратқа  5 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқынан айыра отырып, 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұраймын. Жазасын қауіптілігі төмен түзету мекемесінде өтеуді белгілеп, сот залынан қамауға алуды сұраймын», - деді мемлекеттік айыптаушы Елдар Абиев.

Еске салсақ, 7 шілде күні кешкілік Ақтөбе қаласындағы Тұңғыш Президент атындағы саябақта жол-көлік оқиғасы болып, 19 жастағы Сюзанна Гамидова қаза болды . Сол күні сотталушы Сезім Самұрат сағатына 60 шақырым жылдамдықпен жүруі тиіс болатын. Бірақ ол сағатына 91 шақырыммен жүріп, жанына келген көлікпен қорықты, сөйтіп саябақтағы жүргіншілер жолына өтіп кетті. Келесі аптада  сотталушы Сезім Самұрат соңғы сөзін айтады. Ол бүгін көзіне жас алып, шын өкінетінін жеткізді. Жәбірленуші тарап кешірім беріп, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындамауды өтінген еді.

null 

Соңғы жаңалықтар