Ақтөбеде 2 балабақша ашылды
Тәуелсіздігі күні қарсаңында Ақтөбеде «Өркен» дамыту орталығы мен «Нұрзерек» балабақшасы ашылды.
«Тәуелсіздік алған күннен бастап Мемлекет басшысының саясаты жас қазақстандықтарды бәсекеге қабілетті тұлға етіп тәрбиелеуге бағытталды. Өткен 27 жылдың ішінде сол үшін көп жұмыс атқарылды. Бір ғана Ақтөбенің өзінде 21 мыңнан астам бала барып жүрген 142 балабақша бар. Бүгінде қала балаларын мектепке дейінгі мекемелермен қамту 98%, облыс аудандары бойынша 100%-ды құрайды. Келесі жылы Ақтөбеде балалар мектепке дейінгі біліммен 100% қамтылады жоспарланып отыр. Жұмысты атқаруға мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында пайдалануға берілген ондаған балабақша септігін тигізді»,- деді облыс әкімі Бердібек Сапарбаев.
Айта кетейік, «Өркен» дамыту орталығының құрылысына кәсіпкер 500 миллион теңге жұмсады. Орталық 1,5 жастағы балаларды да қабылдайды. Барлығы 200 балаға арналған. Ал Батыс-2 ауданында ашылған «Нұрзерек» балабақшасы 170 орынға шақталды. Жоба құны - 560 млн теңге. Балабақшаларда психолог, логопед, қазақ, ағылшын және орыс тілдерінің бөлмелері, құммен емдеу кабинеттері, гимнастика залы бар.