Ақтөбеде 2 жасөспірім лифтке қамалып қалды
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласында екі жасөспірім лифт ішінде 2 сағат қамалып қалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Кеше сағат 23:50 шамасында Ақтөбе қаласы, Әбылқайыр хан даңғылында орналасқан көп қабатты үйдің 5-қабатыңда лифт істен шығып, ішінде 2 бала қалып қойғандығы жөнінде ақпарат келіп түсті. Шақыру орнына облыстық төтенше жағдайлар департаментінің жедел құтқару жасағы құрамынан 3 адам, 1 автокөлік жібірілді. Құтқарушылардын күшімен лифт есігі ашылып, 17 және 14 жастағы балалар құтқарылды»,- деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Еске салсақ, Ақтөбеде лифтте қайлығы оқиға тіркеліп, журналист Айзат Әбдісамат көз жұмды. Кейін қаладағы көпқабатты үйлердің лифтісі тексеруден өтті. Негізі Ақтөбеде 776 лифт бар. Тексеру кезінде 25 жылдан бері жұмыс істеп тұрған лифттер тізімге алынды. Барлығы 139 көпқабатты тұрғын үйдегі 282 лифт тексерілді. Көп заңсыздық анықталды. Мәселен, тексерілген лифтінің тек 18-де жүруге жарамдылығын растайтын техникалық құжаты бар. Ал 113 лифтінің техникалық төлқұжаты болмай шықты. Қазіргі кезде 56 лифтінің иесі жоқ, ешкім өз міндетіне алмаған. Барлығы 149 лифтіні жөндеу қажет болып тұр. Бір лифт жөндеуге де келмейді. Ал 22 лифт апатты жағдайда тоқтатылды.