Ақтөбеде 24 жастағы қаңғыбастың соққысынан бір әйел ажал құшты

АҚТӨБЕ. 8 қазан. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылдың 4 қазанында Ақтөбеде адам өліміне әкеліп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактісі тіркелді.
None
None

Полицияға 16 жастағы ақтөбелік бойжеткен Гоголь көшесіндегі көпірдің астында Алға ауданындағы Березовка кентінің тұрғыны болып табылатын оның 49 жастағы тәтесінің мүрдесі табылғанын хабарлады.

 Оқиға орнын қарау кезінде әйелдің өлімі ашық бас-ми жарақатының салдарынан болғаны анықталды.

Аталған қылмысты жасауда күдікті оқиға орнынан ізін суытқан, бірақ қылмыстық полиция бөлімінің қызметкерлері қабылдаған шұғыл шаралар барысында қолға түсті. Ол жанжал кезінде жәбірленушіні бірнеше рет  басынан ұрған, тұрақты мекен-жайы жоқ 24 жастағы ер адам болып шықты.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, күдікті кінәсін мойындады.

Соңғы жаңалықтар