Ақтөбеде 27 спорттық алаң салынады

АҚТӨБЕ. 3 шілде. ҚазАқпарат - Ақтөбеде осы жазда жасанды төсемі бар 27 спорттық мектептік және аулалық алаңдар салынады.
None
None

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, автомобильдер жолы және жолаушылар көлігі бөлімі Ақтөбе қаласы бойынша және ауылдық округтерде спорттық алаңдар орнатуға тендер өткізді.

Байқауда қарағандылық «Карат» ЖШС жеңді. Қазіргі кезде ол спорттық алаңдарды салу жұмыстарына кірісіп кетті. Оларды Ақтөбеде 1 қыркүйекке дейін салып болады деп жоспарлануда.

Спорттық алаңдар хоккей, шағын футбол ойындары үшін арналған.

Соңғы жаңалықтар