Ақтөбеде 30 жастағы жігіт әкесін өлтірді деген күдікпен ұсталды

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбенің Алға ауданында баласы әкесін өлтіріп тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде 30 жастағы жігіт әкесін өлтірді деген күдікпен ұсталды

«27 шілде күні Алға ауданының Тікқайың ауылындағы үйдің ауласынан адам денесі табылды. Сот-медициналық сараптама кезінде адамның механикалық асфексия, яғни, тұншықтыру кезінде өлгені анықталды. Учаскелік инспектор қайтыс болған ауыл тұрғынының 30 жастағы баласын ұстады», - деп хабарлады облыстық ПД баспасөз жетекшісі Ерболат Сарқұлов. Күдікті уақытша тергеу изоляторына қамалып, Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» бабымен іс қозғалды.

Айта кетейік, 27 шілде күні Ақтөбе қаласында тағы бір қылмыстық іс тіркелді. 21 жастағы қала тұрғыны оқ-дәрі жарақатымен Теміржол ауруханасына түстіп, көз жұмды.

«Оқ жүрек тұсына тиген. Күдікті ұсталды, ол кінәсін мойындады. Полиция 16 калибрлі аңшы қаруын тәркіледі. »Адам өлтіру« бабымен қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарлады Ерболат Сарқұлов.