Ақтөбеде 35 ауыл әкімін сайлауға 107 кандидат тіркелді

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеде 35 ауыл әкімі сайланады. Барлығы 107 кандидат тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сайлауға әзірлену және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралар күнтізбелік жоспарға сәйкес аяқталды. Сайлау науқаны басталған күннен бері 115 адам өтініш берді. Оның жетеуінде құжат дұрыс болмады, яғни, талапқа сай келмей, өтпеді. Бір үміткер өз өтінішімен кандидатурасын алып тастады. Бүгінгі жағдай бойынша, 107 кандидат тіркелді. Оның 65-і алты саяси партия өкілі болса, 42-сі өзін-өзі ұсынды. Бір округке орташа есеппен 3 адамнан келіп тұр»,- деді облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнәр Күнбаева.

Оның айтуынша, тіркелген үміткерлердің 17-і, яғни, 16% әйел. Орташа жасы - 40 жас. Ең жасы 27-де болса, үлкені 62 жаста. Ереже бойынша үгіт-насихат жұмыстары басталды.

Соңғы жаңалықтар