Ақтөбеде 35 мың орындық стадион бюджет қаржысы есебінен салынатын болды

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Қазіргі кезде жобалық-сметалық құжатын жасауға 200 млн теңге бөлінді.

Ақтөбеде 35 мың орындық стадион бюджет қаржысы есебінен салынатын болды
Фото: Айзада Ағылбаева / Kazinform

Ақтөбедегі орталық стадион құрылысы Президентке таныстырылған жоба. Алғашқы кезде шетелдік инвесторлар салады деп жоспарланғанымен, бұл экономикалық жағынан тиімсіз деген шешім қабылданған.

— Алғашында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салу моделі қарастырылған болатын. Кейін экономикалық тұрғыда тиімсіз деп танылды. Қазір салу механизмі өзгерді. Жалпы мемлекет тарапынан, қосымша инвестиция тарту арқылы жүзеге асыру жоспарланды. Бүгінде жер телімі анықталды. Биыл құрылыс жұмыстары басталады, — деді Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Мейрамбек Махамбетов.

Жобалау әрі құрылыс жұмыстарына — Ақтөбе облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы жауапты.

— Қазіргі кезде жобалық-сметалық құжат жасау үшін келісімшарт жасалды. Биылға 200 млн теңге бөлінді. Құжат дайын болған соң құрылыс басталып, 2-3 жылға созылуы мүмкін. Құрылыс бюджет есебінен жүреді, — деді Ақтөбе облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары Аслан Жарасбаев.

Еске салсақ, Спорт және туризм министрлігінің мәлеметінше, республикада 28 негізгі стадион жұмыс істейді. Бұл ретте 14 жаңа стадион салу қажет. Жұмыс істеп тұрған 11 стадион жөндеуді немесе қайта жаңартуды талап етеді. 9 стадион салу үшін қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Оның ішінде мына екі нысанның құрылыс жұмыстары қолға алынған

Соңғы жаңалықтар