Ақтөбеде 35 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде «Мигрант» жедел-алдын алу шарасы кезінде 35 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Наурыз айының 10-17 аралығында «Мигрант» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді. Жұмыс берушілер, шетелдік жұмыс күшін тартатын және пайдаланатын жұмыстарға (қызметтерге) тапсырыс берушілерді, сондай-ақ ҚР азаматтар, оларға жатын орын ұсынатын ұйымдардың қызметкерлері тексерілді. Бәріне Көші-қон заңнамасының талаптары түсіндірілді.

«Қазақстанда болу ережесін бұзған 800-ден астам адам, оның ішінде шетел және Қазақстан Республикасының азаматтары әкімшілік жауапқа тартылды. 35 шетел азаматы соттың қаулысымен ел аумағынан шығарылды. Ал 7 шетелдік елден мәжбірлеу тәртібімен кетті. Ең басты қателік – жұмысшыларда тіркелу және еңбек қызметімен айналысу рұқсаты болмады. Оны жұмыс берушілер қамтамасыз етуі керек. Бұл құқық бұзушылықтары үшін олар әкімшілік жауапқа тартылады. Әдеттегідей шетелдік азаматтардың төлқұжаттары сотқа ұсынылды», - деді ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Эльмира Болтаева.


Соңғы жаңалықтар