Ақтөбеде 4 жасар бала суға батып кетті
АҚТӨБЕ. KAZINFORM – Баланың денесін сүңгуірлер 2 метр тереңдіктен алып шықты.

Ақтөбе қаласындағы Елек өзені бойында орналасқан демалыс орындарының бірінде қайғылы жағдай тіркелді. Кеше сағат 19:10–да 112 қызметіне қоңырау шалып, көмек сұрағандар 4 жасар баланың суға батып кеткенін хабарлаған.
— Жедел құтқару жасағының сүңгуірлер тобы баланың денесін сағат 19:40–та алып шықты. Бала жағадан 5 метр қашықтықтан, 2 метр тереңдіктен табылды, — деді Ақтөбе қаласының ТЖБ қызметкері Амангелді Бекзат.
Былтыр Ақтөбеде 13 адам суға батып кетті. Оның 9-ы кәмелет жасқа толмаған.
Айта кетейік, Ертіс өзенінде суға батып кеткен ер адамның денесі бір айдан соң табылды. Марқұмның денесі оқиға болған жерден 150 километр қашықтықта анықталды. Оны Железин ауылы маңында жергілікті тұрғындар байқап қалған.