Ақтөбеде 50 жастағы ер адамды қағып өлтірген жүргізуші іздестіріліп жатыр

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе қаласындағы Рауан тұрғын үй кешені аумағында 50 жастағы Павел Шумейконың денесі табылды. Оны белгісіз адам көлігімен қағып, оқиға орнынан ізін суытқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбеде 50 жастағы ер адамды қағып өлтірген жүргізуші іздестіріліп жатыр

Оқиға таңғы сағат 6:30-да тіркелді.

«Рауан ауылы маңында болған жол-көлік оқиғасының куәгерлеріне іздеу жарияланды. Көлік те, көлік иесі де белгісіз. Павел Шумейко көлік апаты кезінде алған жарақатынан қаза болды. Полиция қызметкерлері оқиға орнынан көліктің пластмасса сынықтарын алып, «ВАЗ-2107» көлігіне тиесілі екенін анықтады. Көліктің алдыңғы әйнегі де шытынауы мүмкін. Сондықтан осы оқиғадан қандай да бір хабары бар тұрғындар болса, полицияға хабар берулерін сұраймыз»,- деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметі.